Жас жігіт жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Жаяу жүргінші ауыр жарақат салдарынан оқиға болған жерде қайтыс болды.

Алматы облысының полицейлері жаяу жүргіншіні қағып өлтірген азаматты екі күн жүргізілген іздестіру шараларының арқасында тапты, деп хабарлайды Baq.kz patrul.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз ер адам сағат 01:30 шамасында Талғар – Есік – Евгеньевка трассасында жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1970 жылы туған жаяу жүргінші ауыр жарақат салдарынан оқыс оқиға болған жерде қайтыс болды.

Хабар Еңбекшіқазақ ауылының АІІБ кезекші бөлімінен келіп түсті. Оқыс оқиға орнына құрамында полиция старшинасы Б. Қамқаров пен старшина Д. Досымбаев бар Борт-52 келіп жетті.

Араға екі тәулік салып жедел іздестіру шараларының арқасында Mitsubishi Chariot көлігінің жүргізушісі табылды. 1992 жылы туған жүргізуші қатты қорыққандықтан, оқиға орнынан қашып кеткенін айтқан. Ол өзінің кінәсін толықтай мойындады. Полицейлер ер адамды Алматы облысы ІІД Тергеу басқармасы бөліміне жіберді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: