Қарағанды облысында жол апатынан он адам жарақаттанып, біреуі қаза тапты

Baq.kz
3 көлікте болған 10 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қарағанды облысының Алматы-Екатеринбург тасжолы аумағында үш көлік жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz.

«11-ші ақпан күні сағат 21.00 шамасында 33 жастағы «Мерседес Бенц» автокөлігінің жүргізушісі Балқаш қаласына қарай бара жатқан жолда қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «БМВ» автокөлігімен соқтығысқан. Осыдан кейін артта келе жатқан «Ниссан» автокөлігі екі көліктің біріне соғылған. Салдарынан «БМВ» автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 көлікте болған 10 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Жол апатына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады