Шымкенттегі үш адамның өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Stan.kz
Полиция бұл істің мәнін ашқан жоқ.

Қара жамылған отбасы тілшілерге қылмыстың болжамын айтты. Полиция бұл істің мәнін ашқан жоқ. Туыстарының айтуынша, адам өлімін компьютерлік ойын себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Үлкен ұлы Александр Dota компьютерлік ойынына құмар болған. С. есімді қылмыскермен клубта танысып, ақша тіккен болуы мүмкін. Александр ол ақшаны ұтылып қалады. 8 ақпан күні танысы қарыз ақшасын алуға келеді. Есікті 13 жастағы Денис есімді інісі ашқан. Бейнетаспадан байқағанымыздай, Денис қылмыскерді таныған болу керек. Өйткені, оны үйге бірден кіргізді.

Танысы жеткіншектің басынан ұрып, кейін қылқындырады. Осыдан кейін үйге Александр мен анасы келеді. Қылмыскер оларды да өлтірген. Отбасын жексенбі күні жерледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады