Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 7-орында тұр

Baq.kz
2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында Gallup қауымдастығы «Жыл қорытындысы» сауалнамасын жүргізді.

Gallup International халықаралық тәуелсіз зерттеушілер агенттіктерінің қауымдастығы бақытты елдердің рейтингін жасады, деп хабарлайды Вaq.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында Gallup қауымдастығы «Жыл қорытындысы» сауалнамасын жүргізді. Әлемнің 55 елінің 54 мыңға жуық тұрғынынан сауалнама алынды.

«Өзіңізді қаншалықты бақытты сезінесіз?» деген сұраққа әлем бойынша қатысқан адамдардың 59 пайызы өздерін бақытты сезінетінін айтқан. Ал, жауап бергендердің 11 пайызы бақытсызбын деп жауап беріпті», - делінген зерттеуде.

Сауалнамаға қатысушылардың 28 пайызы өздерін не бақытты, не бақытсыз сезінбейтін болып шықты. Нәтижесінде бақыттың әлемдік индексі – оң және теріс жауаптардың арасындағы айырмашылық арқылы есептелді де, 48 пайыздық пункті құрады. Осылайша, бақытты елдер рейтингінің басында 92 пайыздық пунктпен Фиджи мемлекеті болды. Екінші орында Колумбия (87 пайыздық пункт), үшінші орында Филиппин (84 пайыздық пункт) тұрды.

«Мұнда Азия (Вьетнам, Папуа, Жаңа Гвинея, Индонезия, Үндістан), Латын америка (Мексика, Аргентина, Эквадор, Перу) елдері де бар. Қазақстан 74 пайыздық пунктпен жетінші орынға жайғасты. Нидерланды 11-орында 64 пайыздық пунктпен тұр», - деп жазды Gallup қауымдастығы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі