Шығыс Қазақстанда дәрігерді ауруханада атып кетті

tengrinews.kz
Үйінде ата-анасы мен аяғы ауыр әйелі қалған.

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында фельдшерді түнгі кезекте жүрген жерінен атып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 15 ақпан күні болған. Түнгі сағат 3:10-да түнгі кезегін өткізіп жатқан Рустам Ришатұлын бетперде киген адам атып кетеді. Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, күдіктіні тұтқындаған.

«Қылмысқа қатысты заттай дәлелдің бәрі алынды. Бетперде, мылтық пен қылмыс кезінде киген күрте сақтаулы тұр. Күдікті де Ақжар ауылының тумасы. 1974 жылы туған. Ауыр қылмыс болғандықтан, облыстық сотқа жолдаймыз. Әзірге тергеу жүргізіліп жатыр. Оның өзі 1-1,5 ай уақыт алуы мүмкін» - дейді Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінің Ақжар полиция бөлімі басшысы Талғат Нұрмұханбетов.

Қаза болған фельдшер 1989 жылы туғаны белгілі болып отыр. Үйінде ата-анасы мен аяғы ауыр әйелі қалған.

«Күдіктінің үш баласы бар. Жұбайы Рустам Ришатұлы жұмыс істеген аурухананың меңгерушісі әрі гинеоколог дәрігері болып жұмыс істейді. Күдікті қылмысын мойындап отыр. Оның бұл әрекетке бару себебін тергеу құпияларына байланысты жариялай алмаймыз» - дейді полиция майоры.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды