Қызылордада 300 тоннадан астам тұз төгілді

www.1obl.ru
Ауа райының қолайсыздығы жол қозғалысына кері әсер етуде.

Қызылорда қаласында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты. Көктайғаққа байланысты бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығы жол қозғалысына да кері әсер етуде, деп хабарлайды kaztrk.kz.

18 бағыттағы автобус аударылып, ішіндегі 15 жолаушы түрлі жарақат алды. Екі адам ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Жалпы, таң атқанға дейін облыстық медициналық орталыққа мұзға құлап, зардап шеккен 78 адам келген. Қала көшелері түннен бері тазартылып жатыр. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

"Түнгі үшке дейін 16 техника жұмылыдырылды. Таңғы 5-6-дан бастап, қазіргі уақытта 180 адам қамтылып отыр. 44 арнайы техника, 336 тоннадай тұз төгілді. Жаяу жүргінші жолдарына да тазалау жұмыстары жүріп жатыр", - деді Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы инспекциясының басшысы Берік Сәрменбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек