Ақан Сатаев Томиристің бала кезін сомдайтын актриса іздестіруде

Stan.kz
Сатаев “Томирис” фильмінің бала кезін сомдайтын актриса іздестіріп жатқанын хабарлады.

Жуырда режиссер Ақан Сатаев тарихи кинокартинаның түсіріліміне кіріспек. Таяуда кинорежиссер Томиристің рөлін сомдайтын актрисаны жұртқа таныстырған еді. Енді Сатаев сақ патшайымының бала кезін сомдайтын актриса іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz.

“Достар, кеше “Қазақфильм” киностудиясында “Томирис” кинокартинасына арналған үлкен жиналыс өтті. Оған жобаның бас продюсері Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өзі қатысты. Біз фильм түсірілімін бүге-шүгесіне дейін талқыладық. Барлығы керемет өтті”, – деп бөлісті режиссер.

Сондай-ақ, Сатаев “Томирис” фильмінің бала кезін сомдайтын актриса іздестіріп жатқанын хабарлады.

“Екі күн ішінде Томиристің бала кезін сомдауға 5000 үміткердің суреті келіп түсті. Оның ішінде өзімнің туыстарым, таныстарым, достарымның қыздары бар. Айта кетейін, актрисаны таңдау жұмысы ұжыммен ақылдаса отырып шешіледі. Нәтижесін міндетті түрде хабарлайтын боламыз. Түсіністік танытып, қолдау білдіріп жатқандарға үлкен рақмет”, – деп хабарлады ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді