Биология сабағында бойжеткен әкесінің туған емес екенін біліп қойды

Sn.kz
Қыздың қан тобы әкесінікімен сәйкес келмеген.

Университетте биология пәнінен дәріс тыңдап отырған қыз “әке” деп жүрген адам туған әкесі емес екенін біліп қалды. Қыздың қан тобы әкесінікімен сәйкес келмеген. Бұл туралы қыздың курстасы Аня Хеттич Twitter желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz.

АҚШ-та студент қыз дәріс тыңдап отырып өзінің қан тобы неге әкесінікімен сәйкес келмейтінін түсіне алмады.

“Ол ата-анасының қан тобы өзінікімен сәйкес келмейтінін айтып, профессордан бұл туралы сұрады. Әкесінікі – I топ, анасының қан тобы – II, ал қыздың қан тобы -ІII болып шықты”, – деп жазды қыздың курстасы.

Оқытушы болса, олай болуы мүмкін емес екенін айтып, дәрісін жалғастыра берген.

Анықтай келе, қыздың анасы өгей ағасымен бірге әкесінің көзіне шөп салғаны белгілі болды.

“Ол өмір бойы ағасын әке деп келген. Анасы 21 жыл бойы шындықты жасырып келген. Енді олар ажырасайын деп жатыр”, – деген Хеттич.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды