Прокурорлар күйік шалған сәбиге қатысты жағдайды ерекше бақылауға алды

Рavlodarnews.kz
Қыз бала әлі күнге дейін облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде дәрігерлер әлі күнге дейін екі айлық қыз баланың өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс прокурорының БАҚ жөніндегі көмекшісі Жанар Досжанованың айтуынша, қайғылы жағдай ерекше бақылауға алынған.

Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына берген жауабында облыстық ІІД-де аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілгенін және ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін материалдар облыстық ТЖД-ге сәбидің жіберілгені жазылған.

- 2018 жылы 20-ақпан күні диванның үстінде микрбоқа қарсы майшамды жағып кетудің салдарынан 2017 жылы туған бала зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген, - деді ведомствода.

Алайда қыз бала әлі күнге дейін облыстық балалар ауруханасында жатыр.

- Жансақтау бөлімінде бала ұзақ уақыт болады, - деді бас дәрігердің ем жүргізу бойынша орынбасары Ирина Орсагош. – Қандай да бір болжам жасауға әзірге тым ерте. Баланың жағдайы ауыр.

Еске сала кетейік, бесінші қабатта бала жатқан матрас тұтанған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. Облыстық балалар ауруханасына 3-4 дәрежелі күйік шалу диганозымен екі айлық нәресте жеткізілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды