Астанада өртенген көліктегі бала құтқарылды

Сурет: zakon.kz
Автокөлік ішінде көлік иесінің немересі болған.

Астанада сарбаздар өртенген көліктен баланы құтқарды. Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше сағат 20:00 кезінде әскери жасақ құрамындағы сарбаздар Алтынсарин көшесі бойында шолғындау кезінде «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің өртеніп жатқанын көріп қалған.

Қатардағы жауынгер Темірлан Әлімқұлов болған жағдайды дереу патрульдік топтың басшысына және әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлады. Сәйкесінше, бұл оқиға бойынша өрт сөндіру қызметіне хабар берілді.

«Өрт сөндіру қызметі жеткенше, жеке құрам тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Анықталғандай, автокөлік ішінде көлік иесінің немересі болған. Сарбаздар баланы бірінші кезекте құтқарып, қауіпсіз жерге алып шықты», - делінген таратылған мәліметте.

Баланың туыстары көрсетілген көмек үшін Ұлттық гвардия әскери қызметшілеріне ризашылықтарын білдіріп, 5573 әскери бөлімінің командирі атына алғыстарын хат түрінде жолдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды