Айжан Байзақова: "Қыздардың 80 пайызы мен сияқты"

Sn.kz
Айжанның айтуынша, қыздардың 80 пайызы өзі сияқты.

Айжан Байзақова өзінің не үшін балағат сөздерге құмар екенін, жұрт көзінше ашықтан ашық темекі шегіп, ішімдік ішетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz.

Оның айтуынша, қыздардың 80 пайызы өзі сияқты.

«Мені шынайы өмірде танитын адамдар Instagram-да мүлдем басқа екенімді айтады. Мен мінсіз және жақсы адаммын деп айта алмаймын. Мен қыздардың 80 пайызы жасайтын дүниені көрсетемін. Біздің қыздардың 80 пайызы темекі шегеді, ішімдік ішеді. Олар оны жасырын жасауы мүмкін. Бірақ боқтайды, ішеді. Мен осыны көрсетемін», – деді блогер.

Сондай-ақ ол өзіне желіде қоқан-лоқы жасағандандардың өмірде бетіне тік келіп ештеңе дей алмайтынын да атап өтті.

«Боқтап, «өлтіремін сені» деп жазып жатады. Жақындап келіп өлтірсе болады. Менің оққағарым да жоқ. Күзетшім де жоқ. Ештеңе істей алмайды», – деді ол Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Әйел Сыры» бағдарламасында.

Айта кетейік, Айжан Байзақова былтыр клубта ақшаға қыз шешіндіріп, басы дауға қалған. Кейін оны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартып, тәртіп сақшылары 3 күнге қамауға алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді