Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күнінің маңыздылығы туралы айтты

astanatimes.com
Елбасы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін біз баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз.

Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді.

Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді.

Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады.

Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!", - деді елбасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы