Қазақстан мен Өзбекстан Аралды бірлесіп құтқармақ

liter.kz
Таяу уақытта суды үнемдеудің жаңа әдістерін және оны тиімді пайдалануды зерттеу саласында Қазақстан мен Өзбекстан мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылмақ.

Аралды құтқару мәселесі бойынша Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев Қарақалпақстанға сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Біз Аралды құтқару бойынша бірлесіп әрекет етуге келістік. Қарақалпақстанның шөлейттенумен күресте жетістіктері бар, сондай-ақ осы мәселеге қарсы түрлі өсімдіктер өсіру, әсіресе сексеуіл отырғызудан жақсы тәжірибе жинақтаған. Осы бағыттарда Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмысы тиімді әдіс табуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ҚР Президентінің Халықаралық Аралды құтқару қорының рөлін күшейту бойынша бастамасы өте маңызды», - деп атап өтті Е.Өтембаев.

Сондай-ақ, таяу уақытта суды үнемдеудің жаңа әдістерін және оны тиімді пайдалануды зерттеу саласында Қазақстан мен Өзбекстан мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек