Димаш Құдайберген «Top Influential Idol» рейтингінде атақты «EXO»-ны артта қалдырды

Сурет: zakon.kz
Айта кетейік, бұл Димаштың «Top Influential Idol» рейтингісінде алғаш рет бой көрсетуі.

Димаш Құдайберген Қытай интернет-компаниялардың ең беделдісі - NetEase компаниясының «Ең ықпалды сері» (Top Influential Idol) рейтингінің кезекті кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық шерулерде мен үшін дауыс беріп, үнемі мені қолдап, мəртебемді биіктетіп жүретін туған елімдегі жəне əлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйер тыңдармандарыма мың алғыс! Екі күнде 70 миллионға жуық дауыс жинаған жетістік сіздердікі Dears! Жеңімпаз мен емес, сіздерсіздер! Рахмет, dears!», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бұл Димаштың «Top Influential Idol» рейтингісінде алғаш рет бой көрсетуі. Рейтинг әр апта сайын жаңаланып, рейтингке енген әр жұлдыздың жанкүйерлері 7 күн бойы дауыс беріп әр жаңа аптаның басында жеңімпазды анықтайды. Жыл соңында ең көп апталық жеңімпаз иегері, жылдың «Ең ықпалды серісі» атанады.

Димаш қазіргі уақытта 62-кезекті «Top Influential Idol» рейтингінде 1,09 млн дауыс жинап, үшінші орынға жайғасты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз