Биыл Өзбекстан Республикасында Ақтөбе облысының күндері өткізіледі

Аktobenews.kz
Өңіраралық кооперациясын дамыту аясында өңірде бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді, деп жазады Аktobenews.kz.

«Біздер өзге елдер арасында Орынбор қаласында Ақтөбенің күндерін өткіздік. Енді биыл облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен Өзбекістан Республикасының, соның ішінде Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласында өткіземіз деген жобамыз бар. Жалғыз ауыл шаруашылығына ғана қатысты емес, мәдениет, өндіріс тағы басқа саласы бойынша қамтиды. Ол алдағы уақытта жоспармен бекітілетін болады. Негізі күз айларына белгілеп отырмыз», – деді ауыл шаруашылығының басқармасы Құсайын Сәрсенбай.

Айта кетейік, өңіраралық кооперациясын дамыту аясында өңірде бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көршілес аймақтармен, Ресей Федерациясының Орынбор, Орск және басқа да облыстарымен жергілікті өнімдерді өткізу туралы келіссөздер жүргізілу үстінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы