Мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы

egemen.kz
Синоптиктер 8-12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Елімізде мереке және демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік шығысы және шығыс өңірлерінде жауын-шашын, қатты жел болады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Температураның жоғарылауына ықпал ететін циклон Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады.

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8…13, кейбір жерлерде 18, 15…20, кей жерлерде 25 градус, шығысында 3…8 жылы болады.

Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық, ылғалды ауа массалары ығыса бастайды.

Осыған байланысты қар мен жаңбыр жауып, боран соғады. Көктайғақ болып, желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейіп, күн суытады деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін