Павлодар облысында шағын автобус жыраға түсіп кетті

Автобустың жолдан шығып кеткенінен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін таңертең Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан Павлодар - Успен тас жолында шағын автобус жыраға түсіп кеткен. Құқтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, қозғалысты қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Успен ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Николай Пуховский хабарлады.

- 2018 жылы 6-наурызда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты түнгі уақытта жауын-шашын болды, республикалық және аудандық маңызы бар автожолдардарын мұз басты, - дейді Николай Пуховский. - 2018 жылдың 7-наурызында сағат 9:40 минутта РФ шекаралас Павлодар-Успен автожолында «Мерседес Спринтер» маркалы рейстік шағын автобусы жолдан шығып кетті. Көлікте сегіз жолаушы болған. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдарының және жол қызметінің күшімен көлік жолға қайта шығып, Карасук қаласы бағытына қозғалды.

Автобустың жолдан шығып кеткенінен зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілерге ауа райы күрт өзгерген кезде жолға шығуды тоқтатуды тағы да ескертеміз, ал егер алыс сапарға шықсаңыз, көктайғақтағы жол ережелерін сақтаңыздар.

Айта кетейік, Ресей Федерациясына шекаралас республикалық маңызы бар Павлолдар-Успен автожолында тәулік бойы екі жақты Павлодар қаласынан Ресей Федерациясына және керісінше бағытта орташа есеппен 150 жүк көлігі және рейстік автобустар өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: