Ақтөбеде медициналық бетперде киіп ірі көлемде қаржы ұрлағандар ұсталды

Baq.kz
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілердің тұлғалары анықталды.

Ағымдағы жылдың ақпан айының 8-інде Қандыағаш қаласынан шығар жолда медициналық бетперде киген белгісіз екеу фармацевтикалық фирмалардың бірінің көлік жүргізушісіне күш қолданып, ірі көлемдегі қаржысын алып, «Ваз» көлігімен жасырынып үлгерген, деп хабарлайды Baq.kz.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілердің тұлғалары анықталды. Қазіргі таңда екі күдікті де ұсталды, оларға қатысты соттың санкциясымен қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ұсталған екі күдікті осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сот алды тергеу амалдары жүруде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз