Көкшетауда 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

astana-akshamy.kz
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Оқушының жасы 17-де болған.

Көкшетауда 11-сынып оқушысы, бастапқы дерек бойынша, өз-өзіне қол салған, жасөспірімнің денесі гараждан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

10 наурызда гараждан ата-анасы ұлының денесін тапқан. Ешқандай хат жазып қалдырмаған. Бастапқы өлім себебі — суицид.

Жасөспірім оқыған мектеп оқушының өлімін растады. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр, бірге оқыған сыныптастарынан жауап алынып, телефоны да тексерілетін болады.

"17 жастағы өте зерек оқушы болатын, ауқатты отбасыдан шыққан. Шығармашылық, интеллектуалдық, спорттық сайыстарға қатысатын. Ешкіммен жанжалдасып көрмепті, бұл хабарды естіп есеңгіреп қалдық, әлі сене алмай отырмыз", — деді мектеп әкімшілігі Sputnik Қазақстанға.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы