Қазақстан тумасы Петербургте бойжеткенге пышақ сұғып, қашып кетті

zakon.kz
Ресей Федерациясы Тергеу комитеті Санкт-Петербургте ер адамның көшеде кетіп бара жатқан қызға пышақ салған сәті түсірілген видеоны жариялады.

Тергеу органдары РФ ҚК 105-бабы 1-тармағы, 30-бабы 3-тармағы бойынша (адамға қастандық жасау) қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, 2018 жылы 8 ақпанда күндіз Восстание көшесіндегі 1-ші үй маңында 21 жастағы жігіт 1999 жылы туған таныс бойжеткеннің мойын тұсына пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, көрсетілген медициналық жәрдемнен кейін әлі есін жинаған жоқ", — деп мәлімет берді ТК.

Анықталғандай, қылмысты Қазақстан Республикасында 1996 жылы 2 желтоқсанда туған Махметов Александр Юрьевич жасаған.

Қазір бойжеткенге шабуыл жасаған қылмыскер іздестіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады