Екібастұзда төртінші қабаттан құлаған қыздың аман қалғандығына дәрігерлер таң қалуда

Рavlodarnews.kz
Белгілі болғандай, 21 жастағы қыз мас күйде болған.

Екібастұздағы сауда орталығының операторы төртінші қабаттан құлап, аман қалды. Қазір бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екібастұз қалалық емханасы басшысының медициналық қызмет сапасын бақылау бойынша орынбасары Светлана Подзорованың хабарлауынша, 11-наурыздан 12-наурызға қараған түні ауруханаға ғажап жағдайда аман қалған қыз жеткізілген.

- Тәжірибеме сүйенсем, биіктіктен құлағандардың тірі қалу пайызы өте төмен, - деді Светлана Подзорова. – Бойжеткен жерге сәтті түскен. Терезенің астында соққыны жұмсартқан қар жатқан болуы мүмкін. Ол аяғымен түскен, басымен немесе арқасымен құласа тірі қалуы екіталай еді. Қазір ауыр жарақатпен жансақтау бөлімінде тұрақты терапия қабылдауда. Әзірге нақты болжам жоқ.

Белгілі болғандай, 21 жастағы қыз мас күйде болған. Алдын ала болжам бойынша ол терезеге шынтақтап сүйеніп тұрып, тайып кеткен.

Дәрігерлер қойған диагноздың арасында күрделі ашық көпжарықшақтанған сынықтар, асық жіліктің жабық сынығы, үшінші бел омыртқасының неврологиялық бұзылусыз сынығы, зақымданудан есеңгіреу, мас болу, өкпенің зақымдануы бар.

Мереке күндері биіктіктен Екібастұздық тағы бір тұрғын – 34 жастағы әйел құлаған.

- Ол ауруханаға 9-наурызда түсті, - деді Светлана Подзорова. – Алайда, бір тәулік өтпей емханада көз жұмды. Себебі, бас миының ауыр жарақаты мен көптеген сынықтар алып, ішкі құрылысы ажырап кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді