Алматылықтар «GGG» әріптері бар нөмірлерді жаппай сатып алуда

Zakon.kz
Қазір үш «GGG», «QQQ», «III» және үш «JJJ» әріптері бар нөмірлерге сұраныс тым көп екен.

Қазақстандық жүргізушілер Геннадий Головкиннің аты-жөнінің бірінші әріптері белгіленген нөмірлерді жаппай сатып алып жатыр, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Яғни, қазір үш «GGG», «QQQ», «III» және үш «JJJ» әріптері бар нөмірлерге сұраныс тым көп екен. Құны аспандап тұрса да, сәнге айналған бұл серияны Алматы қаласында 78 адам сатып алыпты. Жалпы, өткен жылы «VIP» нөмір алу үшін 1400-ден астам жүргізушіден өтініш түссе, биыл бұл көрсеткіш еселене түспек. Өйткені, тек 2 айдың ішінде 500-ден астам жүргізуші темір тұлпарына сәнді нөмір тағып үлгерген. Бұған, биылғы жылғы өзгерістер түрткі болған. Яғни, әркім әріптерді өзі қалаған күйінде жаздыра алуы, «VIP» нөмірлер саудасын қыздыра түскен.

«Ең қымбат санымыз категориясына байланысты. 001-ден 009-ға дейін және де 777 бұл 548 мың теңге тұрады. Егер сіз бұған әріпті қосамын десеңіз, одан бөлек 137 мың 85 теңге әріп те қосылады. Бұл осы сандарға қатысты. Тағы да 070, 707, 077 деген сандар, бұлар 137 мың 85 теңге тұрады. Үш бірдей сан 111-ден бастап 999-ға дейін бұл 329 мың теңге болады», - деді Алматы қаласы мамандандырылған ХҚКО-ның маманы Сәкен Байғалиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді