Қайрат Нұртас төрт бірдей перзентін халыққа таныстырды

19 наурыз күні Астана қаласындағы орталық концерт залында Қайрат Нұртастың отбасылық жеке кеші өтті.

Иә, Қайрат Нұртастың жұрттан жасыратын құпиясы қалмады! Былтыр қазан айында халыққа заңды жұбайын көрсеткен хитмен әнші күні кеше төрт бірдей баласын сахнаға алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Суретте: Қайраттың балалары Нарұл, Алау, Сезім ата-әжесімен бірге

19 наурыз күні Астана қаласындағы орталық концерт залында Қайрат Нұртастың отбасылық жеке кеші өтті. Онда Қайрат жұбайы Жұлдызбен “Махаббатым” әнін шырқады. Сондай-ақ, кешке келген қонақтарға төрт бірдей перзентін таныстырды.

Бұған дейін бейресми деректерде Қайраттың төрт баласы бар екені айтылып келді. Расында солай болып шықты. Сонымен, Қайраттың тұңғышының есімі – Сезім.

Қайрат пен Жұлдыздың тұңғышы – Сезім Қайратқызы

9 жасар жеткіншектің соңынан ерген Алау есімді сіңлісі, Нарұл, Хан есімді інілері бар.

Қайрат Нұртастың ортаншы қызы – Алау

Көпшіліктің пікірінше, үйдің үлкені мен кенжесі Қайратқа, ал ортаншы екеуі Жұлдызға ұқсайды.

Қайрат Нұртастың кенжесі – Хан

Қайрат Нұртастың кенжесі – Хан

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: