Тараз дәмханасында күзетші қонаққа оқ атты

tengrinews.kz
Оқиға кезінде күзет қызметкерлерінің бірі атыс қаруымен екі қонақтың аяғына оқ атқан.

Жамбыл облыстық полициясының өкілдері Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінде болған атыс туралы мәлімдемеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 16 наурызында сағат 20:50-де Тараз қаласы Ішкі істер басқарамасының кезекші бөліміне қала кафелерінің бірінде келушілердің тәртіпсіздік көрсеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік экипаж кафеде күзетші мен есептесуден бас тартқан келушілер арасында жанжал болғанын анықтады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, оқиға кезінде күзет қызметкерлерінің бірі атыс қаруымен екі қонақтың аяғына оқ атқан. Соның салдарынан төрт адам жеңіл дәрежедегі жарақаттармен дәрігерге жүгінген.

«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Жанжалға қатысқандардың берген жауаптарын ескеріп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 252-бабы 2-тармағымен (жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерінің қару-жарақты қолдану арқылы өкілеттіктерін асыра пайдалану) тағы бір қылмыстық іс тіркелді», - деп жазылған релизде.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін