Батыс Қазақстанда ақбөкендер аштықтан қырылып жатыр

gdb.rferl.org
Жылымықтан соң қайта аяз түсіп, ақбөкендердің қырылуына әкеп соқты.

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер қырылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның жазуынша, 21-22 наурызда Ақжайық ауданы Чапаево ауылы төңірегінде ақбөкендерге қолайсыз ахуал туындаған.

"Күн күрт жылынып, кейін қайта аяз түскен соң, айнала мұз болып қатып, жас ақбөкендер қар астынан қорегін қазып ала алмайды. Соның салдарынан екі күн ішінде жеті бас ақбөкен қырылған", — деді облыстың орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтың инспекциясының басшысы Қайрат Қатешев.

Орманшылар жануарларға шөп беріп көргенімен, ақбөкендер жақындамайды екен.

"Сонымен бірге қамысқа қарай бастайтын соқпақ салынды, әлі құрып ашыққан ақбөкендер жайылымдарға жетіп, сол жерде қоректеніп жүр", — деді инспекция басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды