Сауд Арабиясы сәуірден бастап туристік виза береді

Baq.kz
Сауд Арабиясы сәуір айынан бастап туристерге 30 күнге дейін бір реттік виза бере бастайды.

Сауд Арабиясы 2030 жылға дейін жыл сайын 30 млн турист қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясы сәуір айынан бастап туристерге 30 күнге дейін бір реттік виза бере бастайды. Бұл туралы Al-Arabiya телеарнасы хабарлады.

Туристерге арналған виза туралы шешім 2030 жылға дейін ел экономикасын дамыту бағдарламасы аясында қабылданды. Бұл бағдарлама Корольдіктің мұнай мен экономиканың жеке секторын дамытудан тәуелділікті төмендетуге бағытталған.

Бұған дейін Сауд Арабиясы тек жұмыс, отбасылық, Мекке мен Мединеге қажылық сапарға виза беретін.

Сонымен қатар, енді жасы 25-тен асқан әйелдер туристік виза арқылы ер адамсыз елге кіре алады. Бұрын әйелдерге тек ер адаммен бірге кіруге рұқсат болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз