Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Baq.kz
Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, оңтүстікте найзағай, батыста бұрқасын болуы мүмкін.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек батыс аймақтарда жауын-шашын болмайды деп болжанып отыр.

Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, оңтүстікте найзағай, батыста бұрқасын болуы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды