WhatsApp қолданушыларының қайда жүргенін анықтай алатын болды

ktk.kz
App Store дүкенінде iPhone иелері WhatsApp қолданушыларының қайда жүргенін анықтайтын Chatwatch қосымшасы пайда болды.

Аталған қосымша WhatsApp тізіміндегілердің қай уақытта оянып, қай кезде ұйықтайтынын көрсетеді, деп хабарлайды ktk.kz.

"Chatwatch қосымшасын туыстарыңыздың, достарыңыз бен қызметкерлеріңіздің белсенділігін бақылап отыру үшін пайдаланыңыз", - делінген қосымшаның сипаттамасында.

Сондай-ақ, Chatwatch тізімдегі адамдардың бір-бірімен сөйлескен-сөйлеспегенін анықтауға көмектеседі. Ол үшін қосымша бірнеше қолданушының мәліметтерін салыстырады.

Осылайша Facebook компаниясы қолданушылардың мәліметтерін қандай мақсатта пайдаланатындарын көрсетпек.

Қосымшаның бағасы - 1,99 доллар. Осы ақшаға қолданушылар WhatsApp тізімінде бар екі адамды бір апта бойы бақылауға мүмкіндік алады.

Мұнымен қатар, қосымшаның құрастырушылары жиналған ақшаның Дональд Трампқа қарсы бейкоммерциялық саяси ұйымды қаржыландыру үшін жұмсалатынын айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады