"7-20-25": Комитет төрағасы пәтер алғандар айына қанша төлейтінін айтты

pavlodarnews.kz
Елбасы ұсынған жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 проценттен, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

ҚР ИДМ Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жаңа бағдарламамен баспана алатындар ай сайын банкке қанша төлеп тұратынын есептеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Егер пәтер 7 миллион теңге тұрса, кредит сомасы 5 миллион 600 мың теңгені құрайды. Ай сайынғы төлем 40 мың теңге шамасында. 20 миллион теңгенің пәтері болса, алғашқы жарна – 4 миллион теңге. Кредит сомасы – 16 миллион теңге. Ай сайынғы төлем 113 мың теңге. Пәтер 15 млн теңге тұрса, кредит сомасы 12 миллион, отбасы ай сайын 84 мың теңге төлеп тұрады. 12 миллион теңгенің пәтері болса, кредит сомасы 9 миллион 600 мың. Ай сайынғы төлем 68 мың теңгені құрайды", — деді Жайымбетов президенттің "бес әлеуметтік бастамасын іске асыру" жөнінде өткен дөңгелек үстелде.

Комитет төрағасы "7-20-25" бағдарламасы іске қосылғаннан кейін, құрылыс пен кредит көлемі артатынын атап өтті.

"Барлық өңірде құрылыс салынады. Тұрғын үйге қатысты тапшылық болмайды", - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді