Бүгін елімізде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады

mail.kz
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

2 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің тек оңтүстік-шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел күшейіп бұрқасын соғады.

Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с-ге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп, шаңды дауыл соғады. Атырау облысында күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с болады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп, жаяу бұрқасын соғады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді