Головкин келесі кездесуінің уақыты мен орнын жариялады

Baq.kz
Геннадий Головкин 5 мамырда рингке шығады.

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) өзінің Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта матчының болмайтынына қарамастан, 5 мамырда рингке шығады, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Мен Лас-Вегастағы «Синко де майо» стадионында өз титулымды қорғаймын. Жақында ресми хабарлама жасаймын», - деп жазды Головкин Twitter-де.

Невада штатының Атлет комиссиясы «Канело» ісіне қатысты әлі шешім шығармағанына қарамастан, оның командасы 5 мамырдағы қайта кездесуден бар тартты. Бұл жекпе-жектің болмайтыны туралы ресми хабарлама да жасады.

Головкин MGM Grand Garden Arena-да емес, T-Mobile Arena-да рингке шығады. Онымен қарсылас болатындардың тізімінде Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО), кіші Хулио Сесар Чавес- (50-3-1, 32 КО), Гэри О’Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) бар. Бұлардан да мықтырақ қарсыластар — Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) және Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) бар болатын. Бірақ олармен жекпе-жек өтпейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды