Аягөз ауданында 34 отбасы жаңа баспана алады

Вnews.kz
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтанов бастаған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 34 отбасы жаңа баспана алады. Бағалау комиссиясының мамандары су басқан үйлерді тексеруден өткізуді бастады, деп хабарлайды Вnews.kz Аймақтық коммуникациялар қызметі.

"Осы аптаның соңына дейін қайта жөндеуге келмейтін 52 үйдің ішінен 34 отбасы жаңа баспанаға қоныстана алады. Бұл мүлдем басқа үйлер. Бұрыңғы үйлеріне қарағанда әлдеқайда сапалы. Қалған 18 үй бойынша сұрақтар туындады. Оларды комиссия тексереді", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтанов бастаған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын жүргізуде. 22 үй ішінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үйлері қалпына келмейтін 52 отбасының 16-ы жаңа баспанаға кірді. Одан бөлек тағы 18 үйді сатып алу жөнінде құжаттар әзірленуде. Даниал Ахметовтың айтуынша 3-4 күн ішінде тағы 18 отбасы үймен қамтылады.

Зардап шеккендерге баспана сатып алу үшін барлығы 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, облыс әкімінің резервінен 80 млн теңге, аудан әкімшілігі резервінен - 42,3 млн теңге, "Парыз" қорынан – 100 млн теңге бөлінді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай наурыз айында ауданда 143 тұрғын үйді су алған болатын. Мамандардың мәліметінше 18 үй қирап, 52 үй жөндеуге келмей қалған. Ал қалған 73 баспана жөндеуден өткізіледі.

Айта кетейік эвакуацияланған 515 адамның бүгінде 408-і үйлеріне қайта оралды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді