НАТО Ресей әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді

Baq.kz
Солсберидегі оқыс оқиғаға байланысты Британияға қолдау ретінде НАТО Ресейдегі тұрақты өкілдіктен 7 қызметкердің аккредиттеуін қайтарып алған болатын.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің сыртқы саяси аренадағы ұзаққа созылған агрессиялық әрекеттері альянсты алаңдатып отырғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz Корреспондент порталына сілтеме жасап.

«Әрине, көріп отырған жағдай бізді алаңдатады: Қырымды заңсыз қосып алған, шығыс Украинаны тұрақсыздандырған, Асад режиміне қолдау көрсететін әлдеқайда адуынды Ресей ішкі демократиялық процестерге араласып, кибершабуылдар ұйымдастырып отыр, сондай-ақ, ережелерге негізделген халықаралық тәртіпке қарама-қайшы басқа да әрекеттер жасап отыр», - деді Столтенберг.

Оның айтуынша, Ресейдің дәл осы кері әрекеті НАТО мүшелері мен серіктестерінің Ұлыбританиядағы жағдайға қатысты нәтижелі әрекет жасауына ықпал етті.

«Солсберидегі шабуыл жай ғана жекелеген оқиға емес, ол Ресейдің көпжылдық әрекеттерінің аясында орын алып отыр. Дәл осы оқиға біздің жауабымызға себепші болды», - деп атап өтті бас хатшы.

Еске сала кетейік, Солсберидегі оқыс оқиғаға байланысты Британияға қолдау ретінде НАТО Ресейдегі тұрақты өкілдіктен 7 қызметкердің аккредиттеуін қайтарып алған болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 4 наурыз күні Сергей Скрипаль мен оның қызы британдық Солсберидегі сауда орталығының жанынан ес-түссіз күйде табылған. Юлия Скрипаль жақында ғана есін жиды, ал оның әкесі әлі де комада жатыр. Ұлыбритания әлі күнге дейін Ресейді Скрипальдерді улады деп айыптап отыр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?