Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын

Хабар 24
Америкалық басылымдардың хабарлауынша, қос тарап өкілдері президенттердің кездесуіне дайындықты құпия түрде жүргізіп жатыр.

Ресми Пхеньян Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселесінде Вашингтонмен келіссөздер жүргізуге дайын, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады. Дегенмен әзірге Ким Чен Ынның мұндай мәлімдемені қайда және қашан жариялағаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, наурыз айында Солтүстік Корея президенті Ақ үй басшысымен келіссөз жүргізуге ниетті екенін айтқан болатын. Көп ұзамай Дональд Трамп та бұл ұсынысты қабылдап, кездесуге келісімін берді. Америкалық басылымдардың хабарлауынша, қос тарап өкілдері президенттердің кездесуіне дайындықты құпия түрде жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады