Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

inform.kz
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болып, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек батыста және оңтүстіктің кей жерінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болып, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін, күндіз кей жерлерде жел15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы