Қарағандылық жас хирург сауықтыру экзоскелетін жасап шығарды

bnews.kz
Интерн-хирург Вячеслав Литвинов өзінің жобасын "ТМД-ға 100 идея" халықаралық көрмесінде таныстырады.

Интерн-хирург Вячеслав Литвинов "ТМД-ға 100 идея" халықаралық көрмесіне қатысады, онда ол тірек-қимыл мүшелеріне зақым келген адамдарға және өз еркімен қозғалу мүмкіндігін жоғалтқан адамдар үшін экзоскелеттерді қалпына келтірудің портативті үлгілерін жасау және іске асыруға бағытталған жобасын ұсынады, деп хабарлайды BNews.kz Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Литвинов Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 6-курс студенті және ол байқауға Қазақстанның атынан шығатын жалғыз өнертапқыш емес.

Қазақстан делегациясының құрамында серпінді және инновациялық идеялары бар 10 адам бар. Олар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және "Болашақ" қауымдастығы ұйымдастырған "Жастар Отанға" инновациялық идеялары мен жобалары фестивалінің қорытындысы бойынша үздік жұмыстардың авторлары болып табылады.

Аталған ауқымды көрме 2018 жылғы 11-13 сәуір аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өтеді. Іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастарын елдерінің экономикалары мен ұзақ мерзімді инновациялық даму мәселелерін шешуге, ғылыми, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуға үлестерін қостыру мақсатында ұйымдастырып отыр.

Қазақстанның атынан қатысушылар "Менің елім Достастықта", "Қауіпсіздік", "Әлеуметтік сала", "Жанды жүйелер", "Наносистемалар өнеркәсібі", "IT-саласы", "Авиация және ғарыш және көлік жүйелері", "Медицина және денсаулық сақтау" номинациялары бойынша өздерінің дайындаған жобаларының түпнұсқаларын көрсететін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды