ШҚО-да суға батып кеткен шопанның мәйіті табылды

Baq.kz
Ат үстіндегі шопан Қаракөл өзенінің екінші жағасына өтпек болған.

Үржар ауданында суға батып кеткен 56 жастағы ер адамды іздеу шаралары аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТДЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, ат үстіндегі шопан Қаракөл өзенінің екінші жағасына өтпек болған. Қатты ағын салдарынан жылқы тайып кетіп, тепе-теңдік сақтай алмай қалған ер адам суға құлаған.

Туған-туысқандары оның жоғалып кеткені туралы дабыл қақты. Олар аудандық төтенше жағдай бөлімі және полиция қызметкерлерімен бірге шопанды іздеді, бірақ нәтиже болмады.

«Сол себепті іздеу шараларына Өскемен қаласындағы Шығыс аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару отрядынан сүңгуір мамандары келіп көмектесті. Олар шопанның құлаған жерінен 1,5 шақырымдық жердегі су астынан мәйітті алып шықты», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды