Германия азаматын өлтіргені үшін екі павлодарлық 16 жыл бас бостандығынан айырылды

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта 19 жастағы екі павлодарлық қызға Германия азаматын өлтіргендері үшін шешім шығарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Сот Мария Евповар мен Ирина Михайлюкті топтасып кісі өлтіргендері және ірі көлемде ұрлық жасағандары үшін айыпты деп таныды.

- Әрқайсы 16 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын орта деңгейлі қауіпсіздіктегі қылмыстық-түзету мекемесінде өтесін, - деген шешімді айтты сот Құдабай Сұлтанов.

Сонымен қатар, сот екі қызға жапа шегуші жаққа екі миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттеді. Сотталушылар бұл қаржыны 2018 жылдың 30 маусымына дейін өтеуі керек.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2018 жылдың қаңтар айында Германия азаматын өлтіру ісі жабық күйде қарала бастаған болатын.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында Павлодар қаласының Усолка шағын ауданындағы үйлердің бірінде орын алған. Күдікті ретінде жалдамалы пәтерде бірге тұратын 19 жастағы қыздар ұсталған болатын. Айыпталушылардың біреуі кафеде даяшы болып істесе, екіншісі жергілікті медколледждің студенті.

Тергеушілердің мәліметінше, жас қыздар жігітке 20 пышақ жарақатын салған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: