Ақтаудағы құрылыс базарларында өрт қауіпсіздігі мүлде сақталмаған

Хабар 24
Өрт сөндіру құрылғыларының мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен.

Жоспардан тыс тексеріс жүргізген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бір сауда орталығының өзінен бірнеше заң бұзушылық анықтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Базардағы сауда нүктелерінің тең жартысында автоматты дабыл қағатын қондырғылар мүлдем орнатылмаған. Ал кейбірінде көзбояушылық үшін қойылғандай. Себебі жұмыс істемейтін болып шықты. Өрт сөндіру құрылғыларының мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен.

«Аяқ астынан өрт тұтана қалса, базар әп-сәтте қызыл отқа оранып, жанып кетуі мүмкін», – дейді мамандар.

Ең сорақысы, эвакуация жолдары жабық тұр.

- Өрт қауіпсіздігін сақтамаған базардың әкімшілігі мен кәсіпкерлерге әкімшілік шара қолданып, айыппұл саламыз. Жалпы, алдағы уақытта облыстағы барлық сауда орталықтары мен базарларды тексеріп шығамыз. Төтенше жағдайлар департаментінің және арнайы мониторинг тобының мүшелерінің атсалысуымен 47 нысанда рейд жүргізіледі, - дейді облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Нұржан Борашев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады