Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

khabar.kz
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірінде ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға жетіп, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с-ға дейін күшейеді. Түнгі уақытта тұман түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді