Адамның жеке деректерін ұрлайтын «екінші» WhatsApp пайда болды

Baq.kz
Ол әлеуметтік желілерде WhatsApp Plus деген атаумен тарап жатыр.

Android-смартфондарын зиян программа шабуылдады. Ол WhatsApp көшірмесі бола отырып, қолданушылардың жеке басына байланысты деректерін ұрлайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол әлеуметтік желілерде WhatsApp Plus деген атаумен тарап жатыр. Оны телефонға жүктегенде белгілі бір сілтемеге басуды талап етеді, ал гаджетке толық орнатылған соң мессенджердің клиенті бола отырып, тағы бір қосымшаны орнатуға кеңес береді. Бұл туралы Malwarebytes Labs сайты жазады.

Мамандардың айтуынша, бұл зиян келтіретін қосымша. Ол қолданушылардың жеке деректерін алып, үшінші біреуге жеткізеді. Сондықтан Android құрылғыңызда WhatsApp-тың «сыңарын» көре қалсаңыз, оны бірден өшіріп тастаңыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды