Маңғыстау уылдырық үстінде отырған жоқ – облыс әкімі

Baq.kz
Өңірде балық аулауға қазір тыйым салынған.

Маңғыстау уылдырық үстінде отыр деген ойдан аулақ болу керек. Бұл жөнінде Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Өңірде балық аулауға қазір тыйым салынған. Себебі, өздеріңіз білетіндей, қазір уылдырық шашатын мезгіл. Уылдырықты қай жақта шашатынын білесіздер. Негізінен, теңізден шыққан балығымыз Жайыққа қарай көтеріледі. Сондықтан, балықтар, негізінен Атырау жақта. Біздің облыс бойынша Шевченко порты секілді бір-екі үлкен жер бар. Балықтар сол аймақта көптеп жиналады. Балық теңіздің бүкіл жерінде жүре бермейді. Сондықтан, ол оңай дүние емес. Оған байланысты нақты тапсырмалар беріліп, шаралар жүргізіліп жатыр. Маңғыстауда балық аулаудың өзі де оңай емес. Мына жоспарлы балық аулау деген бар емес пе, соның өзін Маңғыстау облысы орындай алмай отыр. Неге десеңіздер, теңіздегі балықты аулау оңай емес. Оған жүмсалатын қаржы көлемі ауланған балық қаражатымен пара-пар. Сондықтан, қазір көп адам теңізге шығып, балық аулағысы кеп отырған жоқ. Қазір, аталған салада 26 ұйым бар. Солардың барлығының басын қосып, белгілі бір шараларды ойластырып отырмыз. Сол себепті, Маңғыстау уылдырық үстінде отыр деген ойдан аулақ болу керек. Ондай жағдай бізде жоқ», - деді облыс әкімі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі