Бас прокуратура: Түрмеге тыйым салынған заттарды қызметкерлердің өздері кіргізеді

ult.kz
Былтыр түзеу мекемелерінде 503 ұялы телефон мен бір келіден аса есірткі тәркіленген.

Қазақстанда түрмедегілерге тыйым салынған заттарды көбінесе колония қызметкерлерінің өздері кіргізеді екен. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылы 503 ұялы телефон және 1 келіден астам есірткі заты тəркіленді. Тыйым салынған заттарды түзеу мекемесіне көбінесе қызметкерлердің өздері кіргізеді. Мəселен, прокурорлар Тараздағы түзеу мекемесінің режимдік бөлім бастығы орынбасарының есірткі жеткізу əрекетін əшкереледі. Орал мен Ақмола облысының Аршалы ауданында колония қызметкерлері 9 ұялы телефон өткізбек болған", — деді Лоскутова бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, биыл Атырауда "Еңбек-Атырау" республикалық кəсіпорын қызметкерлері 2 рет түрме аумағына тыйым салынған заттарды алып өтпекші болған.

Олардан 33 ұялы телефон, wi-fi модем, есірткі жəне діни əдебиеттер тəркіленді. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды