Баласы жоқ отбасы 32 жастағы жігітті асырап алды

sputniknews.kz
Италиялық отбасы белорус жігітті бала кезінен біледі екен.

Егде жастағы италиялық отбасы сот арқылы 32 жастағы белорусты ресми түрде асырап алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Италиялық отбасы жас жігітті 20 жылдан астам уақыттан бері таниды екен. 11 жасынан бастап ол жылда жазда чернобыльдық бағдарламалар бойынша демалуға Италияға барған.

Бала ер жеткеннен кейін де ерлі-зайыптылар қарым-қатынасты үзбей, оны қонаққа шақырып тұрған, тіпті өздері де Беларуське келіп жүріпті.

Жас жігіт жүк тасымалымен айналысады, сондықтан жұмыс бабымен Италияда жиі болады. Өздерінің баласы жоқ отбасы үшін ол туған ұлындай болып кеткен.

Белорустың өз отбасы мен балаларының болғанына қарамастан, италиялық ерлі-зайыпты заңды мұрагер қылу үшін оны ресми асырап алуды жөн көріпті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы