Қарағандыда тіс емханасының директоры кәмілетке толмаған жеткіншектің емханада қайтыс болуына қарамастан жауапкершіліктен құтылып кетті, деп хабарлайды Baq.kz Қарағанды облыстық сотына сілтеме жасап.
«Қарағанды қаласындағы Қазыбекби аудандық сотында ҚР ҚК 322 бабы 3 бөлімі бойынша (заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау) тіс емханасы ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот қаулысымен ҚР ҚПК 35 бабы 1 бөлімі 3 тармағының негізінде қылмыстық іс тоқтатылды, оған 2016 жылдың 13 желтоқсанындағы №27-VІ ҚРЗ (Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық беру туралы) заңының 2 бабының 1 бөлімі қолданылды және де ҚР ҚПК 322 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды», - делінген хабарламада.
Істің материалына сәйкес ЖШС директоры Қарағанды аумағында медициналық құқық бұзушылық жасады. Тарқатып айтсақ, аталған қызметке сәйкес лицензиясы мен сертификаты болмастан медициналық немесе фармацевтикалық қызметті көрсету арқылы кәмілетке толмаған Ж-ның өліміне абайсызда себепкер болған.
Естеріңізге сала кетейік, кәмілетке толмаған Ж әкісі және анасымен бірге Жезқазғаннан тіс емханасы ЖШС-ға стоматологиялық көмек алуға келеді. Дәл сол күні қызға ата-анасының көзінше наркоз салынады.
Дәрігер кәмілетке толмаған Ж-ның екі тісін емдеп береді. Алайда кейінірек дәрігер-анестезиолог баланың терісі бозарып кеткенін, сосын жүрек соғысының тоқтап қалғанын байқайды. Реанимациялық шараларды жасай бастайды, жедел жәрдем шақырады. 15 минут ішінде реанимациялық шаралар тиімді болып, қыздың жүрек соғысы қалпына келтіріледі, тыныс ала бастайды. Дәрігер-стоматолог екі тіске пломба салып береді. Алайда екінші рет қыздың жүрек қызметі мен тыныс алуы тоқтайды. Тағы да раенимациялық шаралар жүргізіледі, алайда Ж сағат 11.38 қайтыс болады.
Айта кетейік, сот отырысында Ж-ның әкесі – М қызына туылғаннан бастап «балалар милық салдануы» диагнозы қойылғанын және туғанынан мүгедек екенін хабарлады. Бала кезінен бастап Ж-ның дертінен басқа ағзадағы кальцийдің жетіспеушілігінен тістері үгітіле берген, тіс жегінде ісік пайда болған.
Сонымен қатар, М сотталушыдан 500 мың теңге көлемінде метериалдық шығын және 10 млн теңге көлемінде моральдық шығын талап ету туралы арызынан бас тартқанын және де жауап берушінің шығынын өтеуіне байланысты оған ешқандай шағымының жоқтығын хабарлады.
Сот үкімі заңды түрде күшіне енді.