«Арсеналды» 22 жыл жаттықтырған Арсен Венгер бапкерліктен кететінін мәлімдеді

Baq.kz
Жаңа маусымда «Арсенал» клубын кім жаттықтыратыны жайлы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.

«Арсенал» футбол клубының бас бапкері Арсен Венгер 2017-2018 жылғы маусым аяқталған соң бапкерлік қызметтен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Француз маманы ұзақ жылдар бойы осы команданы жаттықтырғанын мақтанышпен еске алатынын айтады.

«Клуб басшылығымен ақылдаса келе қызметімнен кеткенімді дұрыс деп таптым. Осы жылдар аралығында маған артылған сенімді абыроймен алып жүруге тырыстым. Барлық қызметкерге, ойыншыларға, әсіресе жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз! Осы маусымды сәтті аяқтау маңызды. «Арсеналмен» жаны бір азаматтарға деген сыйластығым шексіз!» - деді Венгер.

Айта кетейік, 68 жастағы бапкер 1996 жылдан бері лондондық команданы жаттықтырып келеді. Осы уақыт аралығында Венгер «Арсеналмен» 17 кубок ұтып алған. Оның ішінде 3 рет Англия чемпионы (1997-1998, 2001-2002, 2003-2004), 7 мәрте Ағылшын кубогы (1997-98, 2001-2002, 2002/03, 2004-2005, 2013-2014, 2014-2015, 2016-2017) және 7 рет Ағылшын Суперкубогын (1998, 1999, 2002, 2004, 2014, 2015, 2017) иеленген.

Сонымен қатар, 2003-2004 жылы Ағылшын премьер лигасында оның командасы 38 ойын өткізіп, бірде-бір матч ұтылмай чемпиондыққа қол жеткізген.

Сондай-ақ, Венгер Ағылшын премьер лигасында бапкер ретінде осы уақытқа дейін 823 ойын өткізіп, рекорд орнатты.

Жаңа маусымда «Арсенал» клубын кім жаттықтыратыны жайлы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді