Қазақстан рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек берді

kerek-info.kz
2017 жылдың соңында Қазақстан үкіметі рохинджа босқындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жарты миллион доллар бөлді.

Бангладешке уақытша орналастырылған рохинджа босқындарына Қазақстаннан гуманитарлық көмек берілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Қазақстанның Пәкістандағы елшісіне сілтеме жасап.

Желтоқсанның соңында Қазақстан рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек, атап айтқанда, 500 мың доллар сомасында қаржы бөлгені белгілі болды.

"18 сәуірде ҚР Пәкістандағы елшілігі Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегін Бангладеш Халықтық Республикасындағы Кокс-Базар қаласына жақын маңдағы аумаққа уақытша қоныстандырылған рохинджа босқындарына табыстады", — деп жазды Садықов Facebook-тегі жеке парақшасына.

Ол босқындардың жалпы саны бір миллион адамнан асатынын атап өтті.

Рохинджа (рохинья) — XIX және XX ғасырдың басында Бирманың Аракан штатына қоныстанған этникалық бенгал-мұсылмандар. Олар Ракхайн
Мьянманың ресми билігі мен будда халқы рохинджаны Бангладештен заңсыз келген мигранттар деп есептейді. Олар мен жергілікті аракан-буддалар арасындағы қақтығыстың тарихи тереңде жатыр.

Былтыр рохинджа содырлары Мьянма шекара бекеттері мен әскери бөлімдеріне шабуылдағаннан кейін Мьянма әскерилері жауап ретінде ауқымды операцияны бастаған болатын. Қанды қырғынның салдарынан соңғы бірнеше айдың ішінде жарты миллионнан астам рохинджа көрші Бангладешке қашып барды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс