Түнгі клубтың видеосына түсіп қалған департамент басшысы қызметінен кетті

7kun.kz
М.Оспанов өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Түнгі клубтың видеосына түсіп қалған Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Мұрат Оспанов қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жауапты хатшысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі №211-ж бұйрығымен М.Оспанов өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес этикалық әдеп талаптарын бұзу деректері бойынша мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін қарау оның өз өтінішіне сәйкес қызметтен кетуіне кедергі келтірмейді.

Еске сала кетейік, аталған департамент басшысының түнгі клубтағы видеосына байланысты тексеру басталғанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды