Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Еӊбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы “Шығыс” колхозында құрылыс учаскесініӊ мастері болып бастаған.

Жамбыл облысы əкімінің өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын “инженер-құрылысшы”, 2003 жылы “Тұран” университетін “заӊгер” мамандықтары бойынша бітірген.

Еӊбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы “Шығыс” колхозында құрылыс учаскесініӊ мастері болып бастаған.

1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросыныӊ техник-құрылысшысы, “Алрай” шаруа қожалығыныӊ төрағасы, “Альтаир” ЖШС сәулет-құрылыс фирмасыныӊ атқарушы директоры, 1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметініӊ сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасыныӊ бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорыныӊ орынбасары, 2003-2009 жылдары Алматы облысыныӊ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасыныӊ бастығы, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік құрылыс инспекторы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өӊірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасыныӊ орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімініӊ орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: