Елімізде ірі қара өсіретін шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі

Хабар 24
Ірі қожалықтар шағын шаруашылықтарға жыл сайын 65 мың бас мал сатады.

Ірі қараны көбейтудің арқасында ет өндірісінің де әлеуеті артады, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі Зеңгі баба тұқымының саны 10 жылдың ішінде екі есе ұлғаюы тиіс. Яғни шетелден асылтұқымды сиырлар әкелінеді. Бұл үшін қожалықтарға мемлекет тарапынан қаржылай көмек бар. Жалпы, 2011-2016 жылдар аралығында өзге мемлекеттерден елімізге асылтұқымды 55 мың бас ірі қара жеткізілген. Қазір оның саны 135 мыңнан асыпты. Ірі қожалықтар шағын шаруашылықтарға жыл сайын 65 мың бас мал сатады.

- Ендігі кезекте тауарлы мал басын көбейту қажет. Бұл жерде біз өз ішіміздегі шаруа қожалықтарының малының есебінен өсіреміз. Екінші, кезекте жаңадан құрылатын фермерлік шаруашылықтарға тез өсім болуы үшін шетелден мал әкелу, оның ішінде таза тұқымды мал әкелу көзделген. Және оған тікелей несие беру арқылы қаржыландыру қарастырылып отыр, - дейді ҚР ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Еркебұлан Ахметов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты